ТДМ және рухани қолдау

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасына сәйкес 02 ақпан 2025 жылы қалыпты физиология кафедра оқытушы-профессор құрамы мен «Физиолог» СҒҮ-нің жетекшісі, аға оқытушы Т.Ж. Батырованың ұйымдастыруымен «Физиолог» СҒҮ мүшелері қайырылымдылық акциясы аясында қалыпты физиология кафедрасының офис-менеджері Ажигалиева Жанардың жолдасы Ажигалиев Рафихтың 1 топ мүгедектігін ескере отырып, жан-жақты көмек көрсетіп, үйіне барып ауласын қардан тазартты.
Іс-шараның мақсаты – ТДМ 3-тармағына «Денсаулық және әл-ауқат» сәйкес келетін халыққа жан-жақты көмек көрсету. Болашақ дәрігерлер әріртесіміздің күйеуімен әңгімелесіп, ауру тарихымен танысып, өз кезегінде ауру барысы туралы қызу талқылау жүргізіп, пікірлерімен бөлісіп, тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.
Әріптесіміз белсенді студенттерге алғысын айтып, болашақта қайырымды, білікті, білімді маман иелері болатына сенім білдіріп, дендерінің сау, болашақтарының жарқын болуына тілек білдірді. Үйірме мүшелері үлкен ынтамен жұмыс істеді, сонымен қатар таза ауада жұмыс жасау арқылы денсаулықтарын нығайта отырып, үлкен күш-қуат алды.