ТҰМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат» аясында Ақтөбедегі дені сау ұрпақ тәрбиесі

2025 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласындағы КГУ «Орта мектеп-лицей №27» 7-8 сынып оқушылары үшін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің психология кафедрасы «Жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқаты» тақырыбында тренингтер циклі ұйымдастырды.
Бұл шаралардың мақсаты — балалардың денсаулықты сақтау мен әл-ауқатын нығайтуға ықпал ету, бұл БҰҰ жариялаған ғаламдық мақсаттардың бірі — ТҰМ 3. «Денсаулық пен әл-ауқат» мақсатымен сәйкес келеді.
Тренингтерді ұйымдастыру мен өткізуге «Психогении» психологиялық үйірмесінің мүшелері: Төлеген С., Укубаева Н., Жұмурова А., Танерберген Ж. белсене қатысты.
Тренингтерді кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., Миралеева А.И., кафедра доценті PhD, қауымдастырылған профессор Книсарина М.М. сонымен қатар оқытушылар п.ғ.м. Неталина Г.К. және п.ғ.м. Құркбасова Г.С. тартымды түрде өткізді.
«Орта мектеп-лицей №27» директоры Хамзина Гүлжан Минуллаевна БҚМУ өкілдеріне жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, балалардың денсаулығы ұлтымыздың ең үлкен байлығы екенін және оны қорғап, көбейту қажет екенін атап өтті.