Марат Оспанов атындағы БҚМУ өкілдері Covid-19 құрбандарын үнсіздік минутамен еске алды
Бүгін, 13 шілде, Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Ғимараттарда мемлекеттік тулар төмендетілді.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ басшылығы пандемия құрбандарын және коронавирустық инфекциямен күрескен әріптестерін еске алу үшін жоғары оқу орны ғимаратының жанында жиналды.
Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустан 375 адам көз жұмды.