Ерлік еңбегі үшін марапат
Ақтөбе облысында COVID-19 таралуының алдын алуда, инфекциялық ауруларды емдеу мен алдын алуда үлкен жеке үлесі және белсенді қызметі үшін “Жұқпалы аурулар және балалар жұқпалары “кафедрасының жетекшісі Құрманғазин Мейрамбек Сағынайұлы ведомстволық марапатқа “Парасат” орденіне ие болды.
Пандемия тарала бастағаннан бастап М.С. Құрманғазин Батыс аймақтың тәжірибелік денсаулық сақтау дәрігерлерін оқытумен айналысты және Ақтөбе облысының алдыңғы қатарлы жұқпалы аурулар ауруханасында еңбек етіп келеді.
Құрманғазин М.С. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас инфекционисі болып табылады. Шекаралас облыстар аумағында оба, тырысқақ, сібір жарасы, іш сүзегі ошақтарында жұмыс істеді.2010 жылдан бастап облыстық гепатология орталығының ғылыми жетекшісі. Өнертабысқа 2 патенті, бес рационализаторлық ұсынысы бар, 100-ге жуық ғылыми мақала, соның ішінде дәрігерлерге арналған 8 әдістемелік ұсыныс жарияланды. 2011 жылдан бастап аккредиттелген тәуелсіз сарапшы болып табылады. 2011 жылы “Шапағат” байқауының “Үздік дәрігер”номинациясының жеңімпазы.