“Мейіргер ісі” мамандығының 4 курс студенттеріне “Ауруларды басқару бағдарламасы ” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді

29.11.21 ж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының» оқытушысы Курганбекова М.Б. “Мейіргер ісі” мамандығының студенттеріне “Ауруларды басқару”бағдарламасы бойынша ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты студенттерді ауруларды басқару бағдарламасының жұмысымен таныстыру, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру. Бағдарламаны енгізу және ұйымдастыру бойынша тақырыптар қозғалды.

Сабақ барысында студенттер бағдарламаның профилактикалық денсаулық сақтау саласындағы мейіргерлердің міндеттері туралы білді. Бағдарламаның міндеті-халықтың скрининг, кеңес беру және ауруларды басқару бағдарламасына қатысу сияқты профилактикалық қызметтерді алуға ынталандыру арқылы дәлелді медицинаға негізделген ұсыныстар арқылы пациенттердің денсаулығын жақсарту. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру арқылы медбикелер халықты салауатты өмір салтына , ұзақ сапалы өмірге шабыттандыра алады. Олар созылмалы жұқпалы емес аурулардағы денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсарту, пациенттердің мақсатты деңгейге жетуі, ауруларды өзін-өзі бақылауды қолдау көбінесе медбикелердің қатысуына байланысты екенін білді.

Студенттер бағдарлама сұрақтары мен пилоттық жобалардың мақсаттары бойынша өзекті сұрақтар қойды. Ашық сабақ дәстүрлі форматта өтті. Қатысушы оқытушылардың ЖОО деңгейіне сәйкес сабақтар өткізгені бағаланды.

Болашақта осы тақырып бойынша ашық сабақтар өткізіледі, себебі медицина саласын жетілдіру жөніндегі бағдарламалар үнемі жаңартылып отырады.