Польша профессорының визитинг дәрісі «Марат Оспанов » атындағы БҚМУ қабырғасында тыңдалды
06.12.2021 ж. «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында» Польша, Познань қ. Медицина ғылымдары университетінің паллиативтік көмек кафедрасының жетекшісі, профессор Катаржина Вечеровская-Тобистің алғашқы дәрісі тыңдалды. Бұл дәріс “визитинг профессор” тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында өткізілді. “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Мейіргер ісі” факультеттерінің төртінші курс студенттері, сондай-ақ біздің университеттің магистранттары, докторанттары, сондай-ақ әртүрлі кафедралардың оқытушылары ZOOM платформасында өткізілген осы онлайн дәріске белсенді қатысты. Дәріс бірнеше бөлімнен тұрды: геронтологияға кіріспе, “егде жас”, “өмір сүру ұзақтығы” ұғымдарымен танысу, сондай-ақ Қазақстан мен Польша және Жапония елдерінде орташа өмір сүру ұзақтығына салыстырмалы талдау жүргізу. Дәріс барысында студенттер 2050 жылға арналған болжаммен бүкіл әлемдегі халықтың қартаю үрдістері туралы білді. Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау министрліктері мен ведомстволарының алаңдаушылығын тудырады және қоғамдық денсаулық сақтаудың осы проблемасын шешу міндеті қойылып отыр.