Құрметті түлектер!

Құрметті Марат Оспанов атындағы «Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ бакалавр, интернатура, резидентура, магистратура, PhD докторантура түлектері!

Сіздерді өмірдің келесі кезеңі – университет аясында оқуды сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймын!

Alma Mater қабырғасында білім алу кезеңі артта қалды, енді сіздерді өмір бойы өтуге тура келетін негізгі сынақ күтіп тұр. Құзіреттілік және кәсіби шеберлік, жауапкершілік пен шешім қабылдай білу сынағы. Болашақ әріптестеріңіздің кеңестеріне құлақ асыңыз, олардың көмегінен бас тартпаңыз, жеке тәжірибеңізді жинақтаңыз, барлық деңгейлерде біліктілігіңізді арттырып отырыңыз. Жаңалыққа жақын болсаңыз, өз біліміңізді үнемі жетілдіріп, тереңдетіп отырсаңыз ғана, сіз кәсібіңізде сәттілікке қол жеткізе алатындығыңызды есте сақтаңыз.

Сізге біздің университет түлектерінің алдыңғы буындары жинақтаған кәсіби мұраны одан әрі толықтыру қажет, БҚМУ жетістіктерінің қазынасына жеке, жаңа жетістіктеріңізді қосып, өзіңіз үшін жаңа перспективалар ашыңыз. Жалындаған жастықтың күш-қуаты, салауатты кәсіби өршілдік, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға өз үлесін қосу сізге жақсы маман болуға көмектесетініне риясыз сенемін.

Пандемияның қиын жағдайында халқыңызға, еліңізге көмекке келгендеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сізге қажырлы да жанқиярлық еңбегіңіз үшін мың алғыс!

Сонымен қатар, құрметті түлектер, осы қиын-қыстау кезеңді сіздермен бірге басып өткен оқытушылар құрамына да алғысымды білдіремін. Өз тәжірибесі, кәсіби шеберлігі мен терең білімін ортаға салып, өздері білгеннің бәріне үйретуде талмай еңбек еткен ұстаздарыңды әрдайым есте сақтаңыздар.

Кәсіби еңбегіңізге сәттілік, табыс пен бақытты өмір тілеймін.

     Мамандыққа қош келдіңіз!

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Телеуов М.К.