«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ–да оқу үдерісін ұйымдастыру

  ҚР БҒМ әдістемелік нұсқамасы және «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Басқармасының шешімі негізінде 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрдегі оқу үдерісі

– бакалавриатта қашықтық форматында

– интернатура, резидентура, магистратура және докторантурада күндізгі түрде жүргізілетін болады

       Оқу үдерісі бекітілген академиялық күнтізбеге және оқу сабақтарының кестесіне сәйкес білім берудің Moodle ақпараттық жүйесінде ұйымдастырылған.

       Қашықтықтан оқыту бойынша барлық ақпараттар (сабақ кестелері, силлабустар мен оқу материалдары және т.б.) Moodle платформасында, университеттің ресми сайтында (Академиялық саясат) орналастырылатын және студенттердің Platonus ААЖ-гі жеке кабинеттеріне жіберілетін болады. Оқытушы-профессорлық құрам мен білім алушылар үшін ҚО технологияларына және университеттің цифрлық ресурстарына қол жетімділік қамтамасыз етілген.

       2020 жылдың 21 және 22 тамызында университет басшылығы барлық мамандықтардың білім алушыларымен жаңа оқу жылының күзгі семестріндегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуын түсіндіру мақсатында бейнеконференциялық байланыс өткізіп, онда білім алушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.