Эпидемиология кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Эпидемиология кафедрасы

Жетекшісі:

Уразаева Салтанат Тураққызы

Білімі – жоғарғы медициналық (АқММИ), медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастық профессор, жоғарғы санатты дәрігер-инфекционист. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Жетістіктері: 90-нан астам ғылыми жұмыстың және 10оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Ғылыми қызығушылықтары – зоонозды инфекциялар эпидемиологиясы, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар эпидемиологиясы, ауруханаішілік инфекиялар (медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар). ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2022-2024 жылдарға арналған «Вакцинацияның Қазақстан халқы арасындағы COVID-19 жағдайы бар науқастардың иммунитетіне әсері» ғылыми-техникалық жоба жетекшісі.

Кадрлық құрам:

Тусупкалиева К.Ш.- м.ғ.к., доцент,

Уразаева А. Б. –PhD, доцент,

Бегалин Т.- м.ғ.к., доцент,

Нурмагамбетова Г.Ж.- м.ғ.м., аға оқытушы,

Аманшиева А.А. магистр MBA, аға оқытушы,

Нурмухамедова Ш.М.-магистр MBA, оқытушы,

Кумар Г.Б.- м.ғ.м., оқытушы.

Құру тарихы. Эпидемиология кафедрасы дербес кафедра ретінде 2006 жылдың қаңтар айында құрылды. 1961 жылдан бастап эпидемиология курсы жұқпалы аурулар кафедрасының құрамында болды. 1982-1984 жылдар аралығында курсты м.ғ.к., доцент А.Х. Арсланова, кейінгі жылдары 1984 – 2002 м.ғ.к., доцент А.А. Төребеков басқарды. 2002-2005 жылдар аралығында эпидемиология курсы м.ғ.д., профессор Ж.К. Ордабаевтың жетекшілігімен микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының құрамында курс ретінде болды. Курсқа м.ғ.к., доцент Р.И. Каримова және м.ғ.к., доцент м. а. Ш.Б. Насухин жауапты болды. Дербес кафедра құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін кафедра жетекшісі м.ғ.к., қауымдастық профессор С.Т. Уразаева.

Мақсаты: Эпидемиология кафедрасының мақсаты санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету саласында кадрларды теориялық және практикалық даярлау есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу және профилактикалық медицина саласында ғылымды дамыту болып табылады. Мақсатқа жету үшін кафедра басшылығы материалдық-техникалық базаны нығайтуды, біліктілікті ұдайы арттыру жолымен профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық әлеуетін арттыруды, білім алушыны басқарушылық шешімдер қабылдауға итермелейтін нақты жағдайды модельдейтін оқытудың инновациялық әдістерін енгізуді жүзеге асырады.

Қызметі: Кафедра «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарын түлектерін шығарады. 2013 жылдан бастап кафедрада «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша докторантура мен магистратура бойынша кадрлар даярланады, 1 PhD докторы (2022 ж.) және 16 магистрант даярланды. Біздің маман-түлектер Қазақстанның бүкіл облыстарында және одан тыс жерлерде жұмыс істейді. Кафедра Мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаментімен, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығымен, облыстық ЖИТС қарсы күрес орталығымен, ММ «Ақтөбе облыстық обаға қарсы станса» мен және студенттер алған дағдыларын тәжірибеде меңгеретін қаланың емдеу-профилактикалық мекемелерімен тығыз жұмыс істейді.

Жетістіктері: Кафедра профилактикалық медицинаның түрлі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Кафедра қызметкерлері ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге белсенді қатысады, семинарлар мен клиникалық конференцияларда баяндама жасайды. 2006 жылдан бастап кафедра қызметкерлері эпидемиологияның өзекті мәселелері бойынша отандық, сондай-ақ жақын және алыс шетел басылымдарында 150-ге жуық ғылыми жұмыс жариялады.

2022 жылдан бастап кафедра 2 ғылыми жобаны жүзеге асыруға қатысады:

  1. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2022-2024 жылдарға арналған «Вакцинацияның Қазақстан халқы арасындағы COVID-19 жағдайы бар науқастардың иммунитетіне әсері». Жоба жетекшісі: м.ғ.к., қауым. профессор С. Т. Уразаева.
  2. «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және профилактикалық медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы», С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ іске асыруда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландырады.

Кафедра қызметкерлері жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады: ҚР жоғары оқу орындарына оқытушылардың ұтқырлықпен бару: С.Ж. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ (2018, 2022), Астана медицина университеті (2019) және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (2022), Қырғыз мемлекеттік медицина академиясына (Бішкек қ.) 2019 және 2022 жылдары доценттер.

Соңғы жылдары кафедра тәжірибе алмасу, білім алушылар мен ПОҚ үшін дәрістер мен мастер-класстар өткізу үшін профессорлардың визитинг бағдарламасын жүзеге асыруда. Мәселен, 2017 жылы кафедраға м.ғ.д., профессор А.М. Айқымбаев (Алматы), 2019 жылы кафедраға Ереван мемлекеттік медицина университетінің профессоры, м.ғ.д. А.Э. Тадевосян (Армения), 2022 жылы Қырғыз ММА-нан профессор В.С. Тойгомбаева келді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Эпидемиолог» ғылыми студенттік үйірмесінде ғылыми студенттік жұмыстарды дайындаумен айналысады, оның мүшелері жыл сайын республика, жақын және алыс шет елдердегі студенттік ғылыми конференцияларда баяндама жасап, жүлделі орындарға ие болды.

Кафедра болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге, жастардың рухани денсаулығы мен жоғары адамгершілігіне ықпал етуге, студенттер арасында гигиеналық мәдениет пен салауатты өмір салтын қалыптастыруда кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Эпидемиология кафедрасы жанынан ректордың 23.11.2012 жылғы бұйрығымен Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) құрылды. Орталықтың міндеттері: студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттық – білім беру материалдары мен технологияларын дайындау және ЖДО белсенді студенттерінен ерікті-тренерлерді дайындау болып табылады.

Байланыс: Маресьева көшесі, 68. Бас ғимарат, 6-шы қабат (оң қанат), кабинет №616, телефон моб. 8 701 465 1464, электрондық мекен-жайы: epidemiolog@zkmu.kz