Жалпы гигиена кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Жалпы гигиена кафедрасы

Бердешева Гулшара Айткалиевна – кафедра меңгерушісі, дәрігер гигиенист-эпидемиолог, құқықтану бакалавры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жалпы еңбек өтілі – 39 жыл, оның ішінде педагогикалық – 16 жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді. 6 оқу құралының авторы. «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы 4 магистр және бейіндік бағыттағы 10 магистрдің ғылыми жетекшісі.

Марапаттар:

– 2014ж. – Ақтөбе облысы әкімінің құрмет грамотасы;

– 2015ж. – ҚР ДСМ құрмет грамотасы;

– 2021ж. – 25.11.2021 ж. №717 ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі;

– 2022 ж. – «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» 20.10.2022ж. №38.

Кадрлық құрам:

Будесова Жанна Алабаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жубаниязова Аягуль Саясатовна – дәрігер гигиенист-эпидемиолог, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, аға оқутышы.

Кенжегазова Гулдария Конайқызы – қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші оқу жылы докторанты, оқытушы.

Жолмуратова Гулзат Сериковна –«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша магистрі, «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші оқу жылы докторанты, оқытушы.

Жиенгалиева Алия Нурашевна – дәрігер-терапевт, аға оқытушы.

Байдуллаев Алмат Ажмуратович – қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, оқытушы.

Ракишева Венера Арыстангалиевна – дәрігер гигиенист-эпидемиолог, оқытушы.

Хайруллина Эльмира Досамановна – қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші оқу жылы, оқытушы.

Ерболат Нәзік Ерболатқызы – қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші оқу жылы, оқытушы.

Ишаулова Гулгул Маратовна – экология бакалавры, офис-менеджер.

Кафедраның құрылу тарихы:

«Экология мен жалпы гигиена» кафедрасы 1960 жылының ақпан айында емдеу факультетінің 3 курсында ұйымдастырылды. 1960 және 1971 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.к., доцент Лев Николаевич Желваков басқарды. Үкіметтік марапаттарға ие болды, оның 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді,.

1971-1973 жылдары кафедраны м.ғ.д., профессор Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков басқарды, кейіннен Шымкент медицина академиясының «Жалпы гигиена» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

1973-1989 жылдары кафедра жетекшісі оның ұйымдастыру сәтінен бастап қызмет етіп, қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен м.ғ.к., доцент, денсаулық сақтау үздігі Василий Иванович Юрченко болды.

1989-2002 жылдары кафедраны ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, м.ғ.д., профессор Толенді Кәрімұлы Кәрімов меңгерді.

2002-2010 жылдары кафедра жетекшісі м.ғ.к., доцент Жанат Әбдіғалиұлы Мулдашев болды.

2010-2012 жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент Ғалымжан Исаұлы Исаев басқарды.

2012-2013 жылдары кафедраны м.ғ.д., профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақов меңгерді.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра жетекшісі қызметін м.ғ.к., доцент Гулшара Айткалиевна Бердешева атқаруда.

Мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру.

Кафедра қызметі: инновациялық технологиялар мен ғылым қағидаттарын қолдану негізінде білім беру-мәдени ортаны құруға және жетілдіруге, Қазақстанның Батыс өңірін жоғары тұлғалық және кәсіби қасиеттерге ие білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, өңірдің және Қазақстан Республикасының білім беру, өндірістік, ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени әлеуетін сақтауға және арттыруға бағытталған.

Байланыс ақпараты: Ақтөбе қ., Маресьев к., 70, №2 оқу ғимараты, 1 қабат, оң жақ, e-mail: zh.gigiena@zkmu.kz.