“ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ”

Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ оториноларингология кафедрасының негізі қаланған күннен бастап және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында біздің университет қабырғасында “ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯДАҒЫ дәстүрлер, инновациялар және сабақтастық” тақырыбында халықаралық қатысумен оториноларингологтардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, конференция аралас форматта өтті.

Конференцияның негізгі ғылыми-практикалық бағыттары:

– Оториноларингологиядағы жаңа технологиялар;

– Батыс Қазақстанның оториноларингологиясын дамыту перспективалары;

– Амбулаториялық және стационарлық көмек (соның ішінде балалар) – ұйымдастыру, диагностика, емдеу және алдын алу мәселелері;

– ЛОР-ағзалар патологиясының өзекті мәселелері;

– ЛОР-онкология мәселелері.

Ашылу салтанатына Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.К. Исаев, ҚР ҰҒА академигі, профессор Р.К. Төлебаев, М. Оспанов атындағы БҚМУ ректоры Э.К. Исмагулова, Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері Е.Б. Сұлтангереев, оториноларингологиялық қызмет ардагері Н.С. Қарымсақова қатысты.

Құттықтау сөзден кейін В.В. Железнов, Г.Ф. Лашин, Г.М. Середенко, Э.Б. Игликов, С.К. Жеңісбаев, Н.С. Қарымсақов, С.Ж. Рахиев, С.Н. Макаровқа оториноларингологиялық қызмет ардагерлерін марапаттау және оларға құрмет көрсету өтті.

Конференция пленарлық мәжілістен тұрды, оның спикерлері профессорлар, доценттер, phD докторлары, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, сондай-ақ магистрлер, ассистенттер, резиденттер болды.

Ғылыми-практикалық конференция делегаттары мен қатысушылары оториноларингологияның өзекті мәселелерін, жаңа жоғары технологияларды практикалық қызметке енгізу жолдарын талқылады, соңғы онжылдықта қызметте белгілі бір оң өзгерістер болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, виртуалды кітап көрмесі мен онлайн мастерклассы өтті:

  1. Ғылыми жобаның негізгі кезеңдерін жоспарлау және әзірлеу бойынша сұрақтар (М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ патологиялық физиология кафедрасының жетекшісі А. Н. Жексенова)
  2. Дәлелді медицина не үшін қажет, оның ішінде Оториноларингология үшін (м. ғ. к., М. Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ доценті Р. К. Назарбаева)

Бұл конференция амбулаториялық және стационарлық оториноларингологиялық қызмет үшін үлкен теориялық және практикалық маңызға ие. Талқыланған тақырыптар заманауи медицинаның жетістіктерін көрсетеді, бұл аймақ дәрігерлерінің практикалық дамуындағы маңызды фактор болып табылады.