Хабарландыру

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары, жасөспірімдер және олардың ата-аналары! Сіздерді «Біріншілік дисменореясы бар жасөспірім қыздардағы етеккір циклінің нейроэндокриндік реттелу ерекшеліктеріне D дәруменінің әсері» атты зерттеуге қатысуға шақырамыз (еттеккір кезінде ауырсынуы бар 12-16 жас аралығындағы қыздар). Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық жобасының жалғасы, сонымен қатар университетішілік зерттеулердің бір бөлігі болып табылады.

Балалар біздің республикамыздың демографиялық қазынасы болып табылады, өйткені бүкіл халықтың денсаулығы жас ұрпақтың денсаулығына байланысты. Сондықтан жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығына үлкен көңіл бөлінуі керек. Ақтөбе облысындағы жасөспірім қыздар арасында осындай ауқымды және қымбат зерттеуге байланысты, D дәруменін қабылдағанға дейін және қабылдағаннан кейін қандағы D дәрумені мен сілекейдегі кортизолды анықтайтын анализдерді қамтиды, зерттеуге қатысу толығымен тегін екенін хабарлаймыз. Тестілеуден өткеннен кейін барлық қыздарға үш ай ішінде профилактикалық мақсатта D дәрумені тағайындалады.

Зерттеуге қатысатын қыздар саны шектеулі. Жоба барысында әрбір респондент зертханалық зерттеулерге және дәрумендермен қамтамасыз етілуге шамамен 30 000 теңге жұмсалады. Зерттеуге қатысу тегін. Зерттеуге қатысу үшін осы нөмірлердің біріне қоңырау шалу арқылы қосымша ақпаратты ала аласыз.

Байланыс телефондары:

Жобаны орындаушылар:

PhD, доцент Айнұр Аманжолқызы тел: 8775-920-46-82

докторант Донаева Айнур Ерғалиқызы тел: 8701-665-85-52

докторант Кулжанова Динара Сандибаевна тел: 8705-194-92-56

магистрант Аққожина Акмарал Манасовна тел: 8747-843-54-59