Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасында профессор М.А. Амхадованың онлайн-дәрісі

Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің стратегиялық даму бағытына сәйкес, «Визитинг-Профессор» бағдарламасы белсенді түрде ендіріледі. 2021 жылдың 20 – 24 желтоқсанына дейін медициналық ғылымдарының докторы, профессор, М.Ф. Владимир атындағы Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтының хирургиялық стоматологияның және бет-жақсүйек хирургия кафедрасының профессоры Амхадова Малкан Абдрашидовна онлайн –дәріс курсын оқиды. Дәрістер денталды имплантология мен ауыз қуысының кіреберісінің патологиясын хирургиялық емдеу сұрақтарына арналған.

Хирург-имплантолог, профессор өз шеберлігін Германия, АҚШ, Швеция, Франция елдерінде жетілдірді. Амхадова М.А. профессордың ерекше профессионалды қызығушылығын көрсететін жақсүйектің күрделі патологиясы мен сүйек тканінің атрофиясы кезінде тіс қатарының ақауы сияқты күрделі патологиялар клиникалық ситуацияда көрініс тапты. Профессордың зерттеу жұмыстары мен ғылыми зерттеулері науқастардың имплантологиялық емделунеі мен хирургиялық пародонтологиясынан кейінгі реабилитациясына арналған.

Дәрістерде денталды имплантология және оның заманауи стоматолог тәжірибесіндегі клиникалық бөлімі, науқасты опреацияға дайындау, тістердің имплантациясы опреациясына қойылатын талаптар және мүмкін болатын қателіктер мен асқынулар сияқты тақырыптар қозғалды.