Гистология кафедрасында үштілде болған пәндік онлайн олимпиада

2021 жылдың 20-21 желтоқсанында Марат Оспанов атындағы БҚМУ гистология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Егембердиева Роза Есенбаевнаның және «Жалпы медицина» факультетінің 219 АБ топ студенттері: Байназарова Аружан, Бауыржанқызы Динара, Илемесова Дарина, Назарова Алина, Жұмабаева Диана және Мұханбетов Батыр ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Жалпы медицина” факультетінің 2 курс студенттері арасында үштілді онлайн олимпиада өтті.

Онлайн олимпиадаға гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е.Көмекбай және ПОҚ қатысты.

Онлайн олимпиада екі кезеңнен тұрды:

1-кезең: онлайн тестілеу, мұнда әрбір студентке теориялық сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде қатысушылар “Гистология” пәні бойынша өз шеберлігі мен білімін көрсете алды.

2-кезең: ZOOM платформасында онлайн олимпиада гистологиялық препараттарды диагностикалау түрінде өтті. Студенттің міндеті – олар таңдаған ұяшықтарға жасырылған препараттарды дәл атап, сипаттау болды.

Олимпиадаға қатысқан студенттер «Гистология» пәні бойынша өз қабілеттері мен білімдерін толық көрсетті.

Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелері:

Төраға – кафедра жетекшісі, м.ғ.к. – Көмекбай Жанат Есқарақызы.

Кафедра профессоры, м.ғ.к. – Темирова Гульнара Аягановна.

Аға оқытушы, м.ғ.м. – Бердалинова Ақженис Кримгереевна

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

I дәрежелі диплом – Нұрлыбекқызы Даян 222А

ІІ дәрежелі диплом – Альбеходжиева Медни 219Б

III дәрежелі диплом – Колосова Наталья 221А

Олимпиададан орын алған, ұйымдастырған және белсенді қатысқан студенттерді гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Көмекбай Жанат Есқарақызы дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапаттады және алғаш рет өтіп жатқан онлайн олимпиада сәтті болғанын атап өтті. Осы шараны ұйымдастырған Р.Е.Егембердиева студенттерге және қазылар алқасына өз алғысын білдірді.