Жыл сайынғы “Үздік ғылыми қызметкер – 2021” конкурсының жеңімпаздары
“Ғылым туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайынғы “Үздік ғылыми қызметкер”сыйлығына 2021 жылғы ізденіс конкурсын жариялады. Министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындады.
Конкурс қорытындысы бойынша “Үздік ғылыми қызметкер – 2021” сыйлығы гигиеналық пәндер және кәсіби аурулар кафедрасының профессоры Мамырбаев Арстан Абдраманұлына және ғылыми жұмыс департаментінің басшысы Баспақова Ақмарал Мұхамбетжанқызына тағайындалды. Біздің ғалымдарды сыйлық берілуімен құттықтаймыз және университет игілігі үшін қажырлы еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейміз!