«Гистология» және «Онкология» кафедраларының бинарлы дәрісі
2022 жылдың 25 қаңтарында Марат Оспанов атындағы БҚМУ гистология кафедрасының жоспарына сәйкес «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Онкология» бағытындағы резиденттерге «Колоректальды рак. Тоқ ішек пен тік ішектің гистологиясы. Колоректальды рактың диагностикасы және емі» тақырыбында арналған бинарлы дәріс өткізілді.
Бинарлы дәрісті оқығандар: гистология кафедрасының профессоры, м.ғ.к. Г.А.Темирова мен онкология және визуальды диагностика кафедрасының PhD докторы О.Н.Уразаев. Бинарлы дәріс мақсаты: резиденттерге колоректальды рак ағымының ерекшеліктерімен, қалыпты және патологиялық жағдайда гистологиялық құрылыстарымен, колоректальды рактың диагностикалық ерекшеліктермен таныстыру. Бинарлы дәрісте колоректальды рактың өзектілігі, әлем бойынша таралуы, ағымы, диагностикасы және емі баяндалды.
Резиденттермен кері байланыс жасалды және олар өз пікірлерін айтты. Резиденттер гистология кафедрасының профессоры, м.ғ.к. Г.А.Темироваға, онкология және визуальды диагностика кафедрасының PhD докторы О.Н.Уразаевқа өз алғыстарын білдірді.