Құрметті әріптестер, аналар мен арулар!
Сіздерді өз атымнан және басқарма құрамы өкілдері атынан Халықаралық 8-наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жыл ішіндегі ең бір жарқын да қуанышты күнге аналардың, қыз-келіншектердің, жалпы әйел баласының бойындағы махаббат, әсемдік, мейірімділік, ізгілік секілді қасиеттер, отбасындағы береке мен ынтымақ сыйып тұрғандай.
Әйел-адамзаттың аяулысы, ардақты асыл жан. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеткен нәзік жандылардың қоғамдағы орны ерекше.
Сіздердің медицина саласында кадрлар дайындау ісіндегі қиын да, жауапты қызметтеріңізді жоғары бағалаймын. Университетіміздің көркейуі, жандануы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Бүгінгі мереке сіздерге қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке әкелсін.