«Балалардағы бронх демікпесі. Диагностика, емдеу және алдын алудың замануи аспектілері»
29.03.2022 Ақтөбе қаласында Ана мен баланы қорғау орталығында (АБҚО), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеттінің 65-жылдығына орай «Балалардағы бронх демікпесі. Диагностика, емдеу және алдын алудың замануи аспектілері» тақырыбына клиникалық конференция өтті.
Конференция №2 Балалар аурулары кафедрасының қызметкерлерінің ұйымдастырумен өткізілді.Конференцияда талданған мәселелер: Бронх демікпесінің замануи емдеу әдістері, Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы бойынша АБҚО пульмонология және аллергология бөлімшесінің жұмысына талдау жүргізілді.
Баяндаманы №2 Балалар аурулары кафедра қызметкерлері, орталықтың дәрігерлері, педиатр резиденттер дайындады.