Ең әдемі ару
Наурыз айының 31-ші жұлдызында университетіміздің ең әдемі аруын анықтау мақсатында байқау өткізілді. Байқау 5 бөлімнен құралды, оның ішінде өзін-өзі таныстыру, сұрақ-жауап викторина, кешкі киімдер мен ұлттық киімдерге дефиле және өзінің өнерін көрсету болды.
Ең әдемі ару атағы үшін 11 аруымыз өзара таласқа түсті. Байқауымыз Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті «Сыр мен сымбат» клубының ұйымдастыруымен өткізілді. Ең алғашқы сөз бастауы университетіміздің ректор қызметін атқарушы Исмагулова Эльнара Кереевнаға берілді.
Оған қоса, модельдік агенство “Brilliant”, “Abyz” фото-студиясы, стоматология “I Dentist”, медициналық киімдер дүкені “Medicinskii MIR” , спорттық киімдер дүкені “Buka”, “Сыр мен сымбат” клубының жетекшісі Үмбет Салима атты демеушілеріміз де болды. Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері айтарлықтай белсенділік көрсетті. Байқау жоғары деңгейде өткізілді, сахнаның декорациясы, қатысушылардың киімі, LED экрандағы түрлі бейне роликтер, жүргізушілер мен қатысушылардың үйлесімді қимылдары мақтауға тұрарлықтай. Жеңімпазды анықтау әділқазылар алқасына оңай соққан жоқ. Әрбір ару өзінің бас жүлдеге лайықты екенін дәлелдеді.
Байқауымыздың қорытындысы бойынша, 3-ші жүлделі орынды Бимұратқызы Ақбота, 2-ші жүлделі орынды Chelcy Bharti, 1-ші жүлделі орынды Қайырғалиева Ғайни-Жамал иеленді. 11 үміткердің ішінен суырылып шығып, бас жүлдені Амангелді Лаура өз қанжығасына байлап, университетіміздің ең әдемі аруы атағын иеленді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл аталмыш байқау университетіміздің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.
Барлық аруларымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!