Медициналық университет Маңғыстау төрінде
Марат Оспанов атындағы БҚМУ қабылдау комиссиясының кәсіби бағдар беру жоспарына сай 2022 жылдың сәуір айының 2 – 9 аралығында Маңғыстау облысына қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы Ф.К. Балмағанбетова және патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының доцент м.а А.Б. Раманкулова іссапарда болды.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу аясында Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңа Өзен қалаларының орта мектеп түлектерімен және Ақтау қаласындағы “Мейірбике” медициналық колледжінің, Жаңаөзен мемлекеттік медицина колледжі түлектерімен кездесіп, 65 жылдық тарихы бар университетіміздің факультеттері жөнінде толық мәліметтер беріліп, ЖОО-на түсу ережелерімен таныстырып, медициналық университеттің құрылымы мен студенттік өмір туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мектеп түлектері мен медициналық колледж түлектеріне мамандық таңдауға бағыт беріп, біздің университетке түсуге үгіт насихат жүмыстары жүргізілді.
Мектеп түлектері мен медициналық колледж түлектеріне мамандық таңдауға бағыт беріп, біздің университетке түсуге үгіт насихат жүмыстары жүргізілді. Шара барысында биылғы ҰБТ кезіндегі өзгерістер туралы және ақылы оқу жөнінде де мағлұматтар толыққанды берілді. Кездесу соғында буклеттер және «Медик» газеті таратылды.