«Жеңіс жаңғырығы. Соғыссыз әлем»
Уақыттың бұлжымас ағымынан мән-мағынасы кішіреймейтін, адам жадынан ешқашан өшпейтін оқиғалар бар.Олестеліктер мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталып келеді. Бұл естеліктер – өткен мен болашақ арасындағы дәнекер!
ЖЕҢІС КҮНІ- бұл жай мереке емес, бұл ең маңызды күндердің бірі. Бұл күн ешқашан тарихтан жойылмайды, ол әрқашан сол қорқынышты оқиғаларды еске салады. Жас ұрпақтың бейбіт аспан үшін өз өмірлерін құрбан еткендерді ешқашан ұмытпауы өте маңызды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында Абілқасы Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы «Жеңіс жаңғырығы. Соғыссыз әлем» атты Республикалық бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – патриоттық сезімге, өз халқының өткенін еске алуға, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; туған өлке тарихын, отбасы тарихын терең зерттеуге назар аудару, қаза тапқан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру.
Байқауға Қазақстандағы 5 ЖОО-ның студенттері қатысты: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қ.), Astana International University (Нұр-Сұлтан қ.), Абілқасы Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.), «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ (Қарағанды қ.), “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ (Ақтөбе қ.).
Біздің университеттен байқауға қатысып, лайықты орын алған студенттерді атап өткен жөн:
«Жалпы медицина» факультетінің 1 курс 114 тобының студенттері Ерболат Мөлдір және Бисенбаева Айнұр (жетекшісі Алдашева Г.Б.) «Оның аты Лия еді» атты мемлекеттік тілде жасалған бейнеролигіменжеке номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.
«Стоматология» факультетінің 2 курс 204 тобының студенті Амиржанов Ислам (жетекшісі Абдиргазиева А.Б.) «Атамның жүрген жолдары» атты орыс тілінде жасалған бейнебаянымен жеке номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.
Осы байқауда марапатқа ие болған студенттер мен оқытушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық толағай табыс тілейміз!