«Жас зерттеуші : заманауи педиатрия және балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму болашағы»

Алматы қаласы «SADU» қонақ үй Балалар хирургі, медицина ғылымдарының докторы АХПАРОВ НҰРЛАН НҰРКИНҰЛЫН еске алуға арналған «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму болашағы» тақырыбындағы докторанттар, магистранттар, резиденттер мен жас дәрігерлердің халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы гибридті режимде (офлайн және онлайн – тікелей трансляция) өткізілді.

Конференцияга Ресей, Өзірбайжан, Өзбекстан, Молдова, Кыргызстан және т.б. елiмiздiң әр аймагынан 100 – ден астам жас педиатрлар мен балалар хирург дәрігерлері қатысты. Шараға сонымен қатар, Нұрлан Нұркинұлының әр облыстан келген шәкірттері, әріптестері мен достары, отбасы мен ұрпагы катысуда. Жас ғалымдардың басын қосқан шара осымен бесiншi жыл қатарынан өткiзiлiп отыр. Биылғы жылғы конференция елімізге белгiлi балалар хирургы, танымал «Алтын қолды» дәрігер, Педиатрия және балалар хирургиясы гылыми орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, АҚШ – тың Цинциннати клиникасының құрметті профессоры, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, халықаралык дәрежедегі ғалым Ахпаров Нұрлан Нұкинұлын еске алу құрметіне арналып отыр. 2021 жылдың қазан айында Ахпаров Нурлан Нұркинулының мезгiлсiз қайтыс болуы Педиатрия орталығы үшiн ғана емес, Қазақстанның бүкiл медицина қауымдастығы ушiн орны толмас каза болды.

Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді көтеру, дамуы мен келешегін саралау, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы инновациялар бойынша жас ғалымдар арасында тығыз халықаралық қарым қатынасты орнату, жас мамандарды ғылыммен айналысуға шақыру. Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекшісі Риза Боранбаева, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Арын құттықтау лебізін білдірді. Өмірін ғылыммен байланыстырған жас ғалымдарға жаңа белестерді бағындыруды тіледі. Олар да шараның маңыздылығын атап өтіп, Нұрлан Нұркинұлы туралы естеліктерімен бөлісті.

Біздің университетіміздің атынан «Балалар хирургиясы» кафедрасы резиденттері өз баяндамаларын жасады.

1.Төлегенова А.Ж. – 2курс резидент «Балалар хирургі». «Балалардағы гемангиомаларды емдеуде пропранололды қолдану» тақырыбында өз жұмысын көрсетті.

2.Ізімбет Қ.Н. – 1курс резидент «Балалар хирургі». «Балалардағы ұманың жедел аурулары» тақырыбында өз жұмысын орындады.

3.Селбай А.Б. – 3 курс резидент «Балалар хирургі». «Балалардағы тыныс алу жолдарының бөгде денесінің диагностикасы мен емі» тақырыбында өз жұмысының қорытындысын баяндады.

Конференция бағдарламасы мазмұнды және жан-жақты болды. Бірнеше сессия барысында 51 аудиопрезентация, 15 постерлік баяндама тыңдалды. Конференция материалдары жеке мақалалар жинағында жарияланған. Барлық қатысушылар конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Конференцияға еліміздің әр өңірінен жетекші балалар хирургтары, сондай-ақ жетекші медициналық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысып, әр презентация бойынша талқылауға белсене қатысып, жас зерттеушілерге өз пікірлерін білдіріп, қоштасу лебіздерін білдірді.