«Жас клиницист» пәндік олимпиадасы өткізілді
2022 жылдың 29-шы сәуірінде Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің 65 жылдығына арналған № 1 Ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастырылуымен «Жас клиницист» атты университетішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттері арасынан «Ішкі аурулар негіздері» пәнін өткен барлық 15 топтан 30 студент қатысты. Іс-шараға әділ қазылар болған: «Жалпы медицина» факультетінің деканы Абилов Т.С., №1 Ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі Базаргалиев Е.Ш., №1 Ішкі аурулар кафедрасының профессоры Арингазина Р.А., оқу бөлімінің жетекшісі, РhD Алекенова Н.У.
Олимпиада бағдарламасы 6 кезеңнен құралды:
- Тест тапсырмаларын орындау;
- Электрокардиограмманы интерпретациялау;
- Патогенез механизмін түсіндіру;
- Ұяшықтарды таңдау;
- Ситуациялық тапсырма;
- Ақиқат немесе жалған.
Қатысушы студенттер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Соңында олимпиада қорытындысын жариялау және қатысушы студенттерге алғысын білдіру үшін №1 Ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі Базаргалиев Е.Ш. сөз сөйледі.
Жүлделі орын алғандар:
I орын – Жұмашев Мереке, Куртиев Эдем (421 топ);
II орын – Оспанов Қанат, Жусупов Нұрхат (405 топ);
III орын – Муфтуллин Ғабдолла, Нұрәлі Ернұр (403 топ).
Жүлделі орын алғандар 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталып, қаржылай сертификаттар берілді. Барлық олимпиадаға қатысқан студенттер Алғыс хат пен естелік сыйлықтарға ие болды.