Академиялық ұтқырлық төңірегіндегі тәжірибе алмасу

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ның патологиялық физиология кафедрасына Семей медицина университетінің патологиялық физиология кафедра жетекшісі, PhDдокторы Козыкенова Жанна Укошевна офлайн түрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен патофизиология кафедрасында болды.

Аталмыш академиялық ұтқырлық аясында  Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің патологиялық физиология кафедрасында өткізілген семинарлар мен  2-курс студенттерінің практикалық сабақтарына қатысты және жүргізді. Студенттер келген маманға толғандырып жүрген көкейіндегі сұрақтарын қойып, қажетті деңгейде толыққанды жауаптарын алды. Осы апата ішіндегі кезекті «Жас патофизиолог» студенттік ғылыми үйірмесіне қатысып, үйірме  мүшелерімен танысып, жұмыстарын қажетті дәрежеде айтты. Козыкенова Ж.У.  университетіміздің кітапханасын аралап, негізгі жұмыс барысын  өз көзімен көріп, құнды мағлұматтар алды. Екі жақты басқосуда қос университет кафедрасын байланыстыратын ортақ мақсаттар көп екені анықталып,  білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы және алдағы уақыттарда тиімді жұмыс жасауға бет алды.

Кездесу мақсаты: Академиялық ұтқырлық төңірегіндегі кафедралар арасында білім, тәжірибе алмасу.