«Медициналық ұйымдардағы қақтығыстар» шеберлік сабағы

4 мамырда «Психология» кафедрасында кафедра меңгерушісі м.ғ.к. А.И. Миралеева «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстар» атты шеберлік сыныбын өткізді. Өкінішке орай медицина қызметкері мен емделуші арасында қақтығыстар жиі болып тұрады, соның салдарынан пациенттің дәрігерге деген сенімі төмендейді, сәйкестік пен емдеу нәтижесі нашарлайды. Өмірде көптеген ауыр жағдайлар сияқты, жанжалды тоқтатудан гөрі алдын алу оңайырақ. Сондықтан жұмыс орнында туыңдаған жанжалдарды қалай шешуге болатының және оның алдын алу шараларын білу маңызды.

Шеберлік сабаққа «Жалпы медицина» мамандығының 748 тобының интерндері және «Психология» кафедрасының оқытушылары қатысып, ЖТД 1 және ЖТД 2 жалпы қақтығыстың пайда болу себептерімен, даму кезеңдерімен, конфликтте тиімді мінез-құлық технологиясымен танысып, өздерінің интерактивті практикалық жаттығуларда алған білімдерін бекітті. Шеберлік сабақтың барлық қатысушылары АЖД -нен сертификаттарын алды

Бұл өтілген шеберлік сабақ, медицина қызметкерлер күніне арналған.