27 сәуірде Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де жоғары оқу орнының 65 жылдығына арналған “Ғылым: кеше, бүгін, ертең” атты LXI халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өтті. Интернатура стоматологиясы және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу кафедрасынан конференцияға ауызша баяндамалармен 6 қатысушы болды: 6 курс дәрігер-интерндері Усенова А. (ғылыми жетекші Боричевская Я.С.), Жеңісбаева Н. (ғылыми жетекші Жанабаева Г.Б.), Жауымбаев Т. (ғылыми жетекші Көпенова Ғ..Ы), Жұмабаев А. (ғылыми жетекші Катпина А.Б.), Жаналин Ж., Калиолла Ш. ғылыми жетекші проф. Ураз Р. М. м.ғ.м., Есенғалиев Е.Т.) және “Ересектер, Балалар жақ-бет хирургиясы” мамандығының 1 курс резиденттері Башенбай Д. және Төлепберген Г. (ғылыми жетекші Салихова Р. П.). Барлық қатысушылар кафедраның ғылыми үйірмесінің мүшелері болып табылады.
Баяндамалар 4 секцияда ұсынылды. Баяндамашылардың тақырыптары стоматологияда қолданылатын негізгі өзекті мәселелер мен әдістерге қатысты болды.
Барлық қатысушылар теориялық дайындықтың жоғары деңгейін және стоматология саласындағы заманауи бірегей шешімдерді іздеу мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен қызығушылық танытты.
Ұсынылған сөз сөйлеулер аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, әр баяндамашылар сөз сөйлеуден кейін конференция төрағалары мен қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді.
Секция жұмыстарының нәтижелері бойынша ұсынылған 6 ғылыми жұмыстың 3 жұмысы жүлделі орындарға ие болды, бұл 622-топтың дәрігер-интерн стоматологы Жұмабаев Арман (ғылыми жетекшісі ассистент Катпина А.Б «Прохождение второго медиально-щечного канала» тақырыбында баяндама жасап, I дәрежелі дипломға ие болды. Өз баяндамасында медиальды ұрттық өзекті өту және өңдеу әдістемесінің тиімділігін және тақырыпты ашуға қосқан жеке үлесін сенімді түрде дәлелдеді.
І дәрежелі диплом иегері Жұмабаев А. ғылыми жетекшісі ассистент Катпина А. Б.
II дәрежелі дипломмен 612-топтың дәрігер-интерндері Н. Жеңісбаева, М.Қадыр (ғылыми жетекші доц.Жаңабаева Г.Б.), созылмалы апикальды периодонтит жағдайында түбір өзектерін уақытша толтыру кезінде “Пульпосептин” препаратын қолданудың тиімділігін зерттеді.
II дәрежелі дипломмен Жеңісбаева Н.Қыдыр М. Ғылыми жетекші доцент Жанабаева Г. Б.
II дәрежелі дипломмен 611-топтың дәрігер-интерндері Жаналин Ж., Калиолла Ш. (ғылыми жетекшілері проф. Ураз Р. М., м.ғ.м., Есенғалиев Е.Т.) баяндама тақырыбы «Ортопедиялық стоматологияда алынбайтын конструкцияларды жасау кезінде металл және металлсыз қаңқалардың қызыл иек жағдайына әсер».
II дәрежелі дипломмен Жаналин Ж., Калиолла Ш. ғылыми жетекшілері профессор Урз Р.М., м.ғ.м., Есенғалиев.Е.Т.
Жалпы, іс-шара ынта толқынында өтті, қатысушылар ғылыми конференцияларға қатысудың үлкен теориялық және практикалық тәжірибесіне ие болды және осы дәстүрді жалғастыруға ниетті.