Шашыранды склерозбен өмір сүру

2022 жылғы 17 мамыр күні М. Оспанова атындағы неврология кафедрасының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік склерозбен күресу күніне арналған шашыранды склерозбен ауыратын науқастармен кездесу өтті.

Кездесу Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасының шашыраңды склероз кабинетінің базасында Ақтөбе, Ақтөбе облысы және Атырау, Орал, Қостанай қалаларынан науқастардың қатысуымен өтті. Қатысушылар саны 30 адам. Басқа қалалардағы науқастар онлайн форматта қатысты. М. Оспанов атындағы БҚМУ неврология кафедрасының профессоры, м.ғ.д Г.Б. Қабдрахманова аурудың қауіп факторларын, өршуінің алдын алуды, емдеудің сараланған тәсілін қамтитын шашыраңқы склероздың өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. М. Оспанов атындағы БҚМУ неврология кафедрасының доценті, PhD, шашыраңды склероз кабинетінің дәрігері А.А. Хамидулла шашыраңды склероз кабинетінің жұмысы және Қазақстанда мемлекеттік тегін қамтамасыз ету аясында қолданылатын шашыранды склероздың ағымын өзгертетін заманауи дәрі-дәрмектер туралы айтты. Науқастар осы тақырыпты талқылауға белсене қатысып, сауалдарын қойып, осындай кездесулердің тұрақты түрде өткізіліп тұру қажеттілігі туралы өз тілектерін білдірді.