“Біз өмірді таңдаймыз!”

19.05.2022жылы М.Оспанов атындағы БҚМУ №2 Ішкі аурулар кафедрасында наркоманиямен күресуге қарсы «Мы выбираем жизнь!» атты рухани тәрбиелеу мақсатында іс-шара өткізілді.

Бүгінгі таңда наркомания әлем бойынша барлық тұрғындарды қамтыған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір елде есірткі қолдану арқылы өмірдің қиындықтарын ұмытуға және эйфория сезінуге ұмтылатын адамдар жеткілікті. Олардың ең бірінші қолдануы көбінесе өз еркімен саналы түрде болады, кейін үйрену туындап, есірткіге тәуелділік бола бастайды, соған байланысты есірткі қолдану қажеттілікке айналады. Ең қорқыныштысы, біздің көзқарасымыз бойынша есірткіні жиі жасөспірімдер және балалардың қолдануы.

 Әлемде көптеген наркотикалық және психотроптық заттар бар: героин, кокаин, амфетамин, «клубтық есірткілер»: барбитураттар, кетамин, экстази. Олар формасы бойынша әртүрлі болуы мүмкін: таблетка, ұнтақ, сұйықтық, құрғақ субстанция. Бірақ формасының әртүрлілігіне қарамастан наркотикалық заттардың барлық түрі адам организміне, соның ішінде бірінші орында бас миына деструктивті әсер көрсетеді. Сол кезде есірткіге тәуелді адам, жасөспірім, бала психикалық ауру адамға айналады.

Іс-шара кафедра доценті Тлегенова Женискуль Шинболатовнаның бастамасымен 3 курс резидент-кардиологтарымен ұйымдастырылды, сонымен қоса барлық резиденттер белсенді түрде атсалысты. Негізгі бөлімнен кейін болашақ дәрегерлер арасында төмендегідей бірнеше маңызды сұрақтарға жауап іздеу мақсатында дискуссия жүргізілді: наркомания емделеді ма? Жас ұрпақтарды осындай құрдымға әкелетін тәуелділіктен қалай қорғауға болады? Медицина қызметкерлеріне тәуелділік қаупі бар ма? Резиденттер сұрақтарға әртүрлі жауаптар берді, бірақ барлығы бұл мәселемен күрес үшін барлық қоғамның және әрбір адамның, бірінші орында медициналық қызметкерлердің қатысуы керек деген ортақ ойға келді.