ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсушілер мен”Болашақ” халықаралық бағдарламасына үміткерлер назарына
Биылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Баймағамбетовтың 2022 жылғы 3 мамырдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі докторантура үміткерлері үшін міндетті болып табылады.
Осыған байланысты, докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін растау мақсатында республиканың барлық қалаларында бес деңгей (А1-С1) бойынша сертификаттық тестілеуден өтуді ұсынамыз.
Сондай-ақ В1 (орташа) деңгейіне сертификаттық тестілеуге қатысуға өтінімдер “Болашақ” бағдарламасының үміткерлерінен, президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсушілерден және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалардан қабылданады.
Маусым айында өтетін тестілеуге қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша берілген сауалнаманы толтырып, өтінім қалдыра аласыз: