«Тәжірибелік дәрігерге көмек»
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдық мерейтойына орай, №1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының қызметкерлерімен «Тәжірибелік дәрігерге көмек.
Артериялық гипертензия емінің заманауи аспектілері» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс кафедра ассистенті, м.ғ.к. С.Ж. Кулкаевамен өткізілді. Шараның мақсаты – Европа және Ресей кардиологиялық қоғамдарының ұсыныстары негізінде гипертониялық ауру емінің заманауи аспектілерімен жалпы тәжірибе дәрігерлерін таныстыру. Белгілі бір жастық санаттағы адамдарда және артериялық гипертензиямен қосарланып жүретін клиникалық жағдайларда, қант диабетінде артериялық қысымның мақсатты деңгейіне жету үшін артериялық гипертензиясы бар науқастарды жүргізу тактикасының сұрақтарына тоқталды.
Тыңдалушылармен артериялық гипертензия емінің алгоритмдері қызығушылықпен талқыланды және ем бойынша көкейтесті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Тәжірибелік дәрігерлер мен кафедра оқытушылары арасындағы өзара байланыс – артериялық гипертензия диагностикасы мен емін оңтайландыруға және пациенттерге тиімді әрі уақытылы көмек көрсетуге ықпал етеді.