Докторант Айтбаева Әлия Матжанқызының философия докторы(PhD) дәрежесін алу құжаттары


ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Айтбаева Әлия Матжанқызының 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша «Өт тас ауруын, асқынған механикалық сарғаюды кешенді емдеудегі аз инвазивті технологиялар» тақырыбындағы диссертациясын қорғайтыны туралы хабарлайды.

Диссертациялық жұмыс «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ №2 хирургиялық аурулар кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ғылыми жетекшілер:

Жакиев Базылбек Сагидоллиевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының жетекшісі, Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы.

Kашибадзе Кахабер – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті» клиникалық медицина департаментінің жетекшісі, Батуми қ., Грузия.

Ресми рецензенттер:

  1. Оспанов Орал Базарбаевич – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медициналық университеті» хирургиялық аурулар, бариатриялық хирургия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
  2. Баймаханов Абылай Ниятович – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» интернатура және резидентура факультетінің деканы, Алматы қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тайғұлов Ерлан Ағзамұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медициналық университеті» ангиохирургия және пластикалық хирургия курсымен бирге хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
  2. Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Семей медициналық университеті» ауруханалық хирургия кафедрасының жетекшісі, Семей қ., Қазақстан.
  3. Тұрғынов Ермек Мейрамұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды ​​медициналық университеті» №2 хирургиялық аурулар кафедрасының жетекшісі, Қарағанды қ., Қазақстан.

Қорғау 2021 жылғы 22 қыркүйегінде, сағат 15:00-де «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ жанындағы «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, ректорат кабинетінде өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы сілтеме бойынша бейнеконференция түрінде online (онлайн) режимінде өтеді https://wkmu.webex.com/meet/webex3

Хабарландыру мен қосымшалардың мәтіні орналастырылған Диссертациялық кеңес сайтының мекен-жайы: www.zkmu.edu.kz.

Ғылыми хатшы: Аманжолкызы Айнур, тел.(сот) +7 775 9204682; e-mail: ds@zkmu.edu.kz; info@zkmu.edu.kz.