«Онкологиямен күресте жүректі қалай сақтау керек»
21.06.2022 ж. Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ медициналық орталығының акт залында Марат Оспанов атындағы БҚМУ 65 жылдығына арналған “Кардиоонкология: онкологиямен күресте жүректі қалай сақтау керек” атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны №2 ішкі аурулар және онкология кафедрасының қызметкерлері дайындады.
Конференцияны клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ Басқарма мүшесі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мусин Надияр Маратович ашып, конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін БҚМУ МО басшысы, м.ғ.к., Ақтөбе облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас онкологы Изтлеуов Ерболат Маратович сөз сөйледі. Ол ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, конференция қатысушыларына жұмыстарының жемісті болуын тіледі.
М.ғ.к., №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры Б. К. Жолдин бірінші баяндаманы жасады. Баяндама тақырыбы: “Ісікке қарсы терапияның кардиотоксикалық асқынуларының алдын алу, диагностикалау және емдеу”. Өз баяндамасында Бекболат Кулжанович сүт безі обырын емдеуде қолданылатын және кардиотоксикалық әсер беретін химиялық препараттар топтары, кардиотоксикалықтың түрлері, кардиотоксикалық асқынуларды анықтау әдістері мен түзету жолдары туралы айтып берді.
Онкология кафедрасының доценті, PhD докторы С.К.Балмағамбетова конференцияға қатысушылардың назарына “Сүт безі обырын емдеудегі химиотерапияның кардиотоксикалық әсерлерін зерттеудің ретроспективті кезеңінің нәтижелері” баяндамасын ұсынды. 2018-2019 жылдарға арналған Ақтөбе қ. онкологиялық орталығы бойынша баяндамашы ұсынған деректер ҒТЖ шеңберінде алынды: “Сүт безі обырының химиотерапиясынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу”
Конференция тақырыбы бойынша №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті Ж. Ш. Тлегенова, ассистент Г. А. Султанбекова баяндама жасады. Бұдан әрі сөз Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиологы И. В. Гусеваға берілді. 2-ші оқу жылының кардиолог резиденті Аманова А. А. сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдегі тромбоэмболияның клиникалық жағдайы туралы айтты.
Конференция қатысушылардың баяндамаларын көрсету үшін жаңа электрондық құралдарды пайдалана отырып, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Конференция материалдары кардиологтар мен онкологтар үшін сөзсіз қызығушылық тудырды, ал ғылыми-техникалық жоба аясында алынған мәліметтер ісікке қарсы терапия қажет пациенттерге мультидисциплинарлық тәсілдің қажеттілігін көрсетті.