Ғылыми кеңес отырысы өткізілді
30 маусым 2022 жылы «Марат Оспанов» атындағы БҚМУ-нің бас ғимаратында Ғылыми кеңес отырысы өткізілді.
Жиында университет ректорының міндетін атқарушы Исмагулова Эльнара Кереевна сөз алып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелерді атап айтып, кеңес жұмысына сәттілік тіледі.
Кеңес отырысы, әдеттегідей, қуанышты жақсы жаңалықтармен, құттықтау сәтімен бастау алды. Университет ұжымы және Кеңес мүшелері м.ғ.д. профессоры Ахметов Кайыргали Жалеловичті зейнеткерлік демалысына шығарып салды.
Келесі кезекте Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Исмагулова Э.К. магистрларға мемлекеттік үлгідегі дипломдарын табыстап, олардың болашақтарына сәт сапар тіледі.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңес м.ғ.к. Дарибай Ж.Ж. 14.00.00 – «Медицина» мамандығы бойынша ассоциацияланған профессор атағына кандидатурасы талқыланды.
Күн тәртібі бойынша, Тюрежанова Г.А – Ғылыми медициналық кітапхана жетекшісінің, ҒПО жұмысы бойынша баяндамашы Саханова С.К., сонымен қатар Жұртшылықпен байланыс қызметі жетекшісі Тажгулова Інжу Ермекбайқызының 65- жылдық мерейтой қарсаңындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.