Сізбен мақтан тұтамыз!

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және  ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты – ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Конкурс бойынша 74 өтінім жеңіске жетті, солардын бірі біздің университетімізден м.ғ.к., акушерия және гинекология кафедранын жетекшісі – Тусупкалиев Акылбек Балашовичті шын жүректен құттықтаймыз!

Ғылыми зерттеу жобасы: «Зәрдегі PLGF және sFlt-1 концентрацияларына негізделген преэклампсияны болжау: мульти орталықты когортты зерттеу» тақырыбы бойынша грант иегері атанды. Жоба бойынша табысты нәтиже, жемісті еңбек, жаңа идеялар және зор денсаулық тілейміз!