Құрметті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті профессор-оқытушылар құрамы! 

​Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалім мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты – ерекше мамандық!
​Бұл мереке-өз білімдері мен тәжірибелерін шәкірттерімен күн сайын бөлісетіндердің барлығына алғыс айту мен ризашылық білдірудің тағы бір тамаша себебі.
​Сіздер –  Шыдамдылық, Даналық пен тектіліктің үлгісі болып табыласыздар, ал Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз үйлесімді тұлғаны қалыптастырады.
​Биыл біздің  университетіміз  үшін ерекше жыл – мерейтойлық жыл болмақшы. Осы уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылып, біраз жетістіктерге қол жеткізілді. Алдағы уақытта әлі де атқарылар тірліктер мен міндеттер үдесі мол.
​Құрметті ұстаздар! Сіздерге жанқиярлық еңбектеріңіз бен студенттерге ықыластыбқарым-қатынастарыңыз үшін алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Шығармашылықтарыңыз арта берсін! Отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын!
​​​​​​​​Университет ректоры Әсет Әскерұлы Қалиев