Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру бойынша кураторларға арналған шебер-класы
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дың 65 жылдық мерейтойына орайластырылған ПОҚ және кураторлар үшін психология кафедрасында шебер-класы өтті. Іс-шара 2021 жылдан бастап Ақтөбе қаласы «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ «Психология» кафедрасында жүзеге асырылып келе жатырған ЖТН №АР09058126 «Батыс Қазақстанның жоғары оқу орындарында кәсіптік оқыту жағдайындағы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» (ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы) ғылыми жобасы аясында жоспарланған.
Жауапкершілік – қазіргі заман адам өмірінің әлеуметтік аспектісінде тұлғалық маңызды және жоғары деңгейдегі талапқа сай келе алатын жеке сипаттама.
Заманауи адам өмірінің барлық дерлік салаларында жауапкершілік оның табысты, сындарлы жүзеге асырылуының өзіндік шарты және кепілі болып табылады. Сондықтан біз студенттеріміздің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүдделі болуымыз керек. Жауапкершілікті қалыптастыру үшін әртүрлі технологияларды қолдану ұсынылады: пікірталас, рөлдік ойындар, тренингтер және ең тиімді құралдардың бірі – кураторлық сағаттар мен іс-шаралардағы бірлесіп әрекеттесу болып табылады.
Шебер-класын жүргізген – ф.д.(PhD) М.М. Книсарина мен п.ғ.м.Г.С. Жұмалиева қатысушыларға университетте кәсіби дайындық жағдайында жастардың әлеуметтік жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында зерттеу тобы әзірлеген психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасымен интерактивті түрде таныстырды. Кураторлар кураторлық сағаттар мен тәрбиелік іс-шаралар барысында студенттер арасында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар алды.