Жасөспірімдер денсаулығы-ұлт денсаулығының кепілі
№24 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес және мектеп басшылығымен қазан айының 14-ші жұлдызында «Қызбалалардың етеккір циклының қалыптасуы, дисменорея және жасөспірімдік жүктіліктің алдын-алу» атты тақырыбында дөңгелек үстел шарасы аталып өтті.
Қалыпты физиология кафедрасының доценті, PhD, асс.профессор Аманжолқызы Айнур, үшінші курс докторанты Донаева Айнур Ергалиевна және екінші курс докторанты Кульжанова Динара Сандибаевна қатысуымен ғылыми-техникалық жоба тақырыбы аясында университет деңгейінде қаржыландырылған жоба «Қазақ популяциясындағы біріншілік дисменореясы бар жасөспірім қызбалалардың сүйек тінінің минералды тығыздығы мен метаболизм жағдайын бағалау» дәріс оқылды.
Кездесу барысында қыз балалардың репродуктивті денсаулығына үлкен көніл бөлінуі керектігі туралы, жыныстық жетілу және ерте жүктілік бағытында улкен қызығушылық байқалды, сонымен қатар ҒТЖ аясында тегін зерттеуден өту мүмкіндігі туралы айтылды, көптеген сұрақтар қойылды. Алға қойылған мақсатты орындау барысында және жоспар негізінде барлық мәселелер талқыланып, 8-11 сынып оқушылары тарапынан белсенділік танытты және мәнді орынды сұрақтармен кері байланыс өте жоғары деңгейде орнатылды.