Студенттерға арналады
Клиникалық база – Ақтөбе облыстық ауруханасында студенттерге арналып сырт киім шешіп-киінетін орын жабдықталды. Енді жігіттер мен қыздарға екі бөлек киім алмастыруға мүмкіндік туды. Арнайы шымылдық құрылып, киім алмастыру орны екіге бөлінді.
Қауіпсіздік мақсатында бұл жерге бақылаушы камера орнатылған. Студенттер сабақ оқитын осы аурухана базасындағы дәрісхана да жаңа үстел-орындықпен жабдықталды.
Осылайша, университет және аурухана әкімшілігі бірігіп студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға тағы бір қадам жасады. Ақтөбе облыстық ауруханасының басазында университеттің №2 хирургия, №1 ішкі аурулар, акушер-гинекология және лор аурулары кафедралары орналасқан.