Меморандумға қол қойылды
Бүгін, яғни, 2022 жылдың 21-қазанында университетімізге медицина және философия докторы, Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті және Медицина мектебінің деканы, профессор Массимо Пиньятелли келді.
Университет ректоры А.А. Калиев қонағымызды жылы сөзбен қарсы алып, басталған жұмысты ары қарай жалғастырып, бұдан да тығыз қарым-қатынаста серіктестікті дамытамыз деп, – сенім білдірді. Күн тәртібінде осы кездесу барысында бірнеше мәселе бар: алда осы университетіміз бен Назарбаев университеті арасындағы байланыс қай бағытта болуы мүмкін, қандай мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс жасай алатынымыз туралы.
Массимо Пиньятелли екі университеттің серіктестігі жөнінде, ең бастысы, бірлесіп ғылыми жобаларды өткізу тақырыбында сөз сөйледі. Назарбаев университетінің негізгі базаларымен, атқаратын қызметтерімен, ғылыми орталықтарымен, кең материалдық базамен қамтылған технопаркімен, ғылымдағы жетістіктерімен таныстырды. Назарбаев университетіндегі 7 мектеп, әлеуметтік ғылымдар және гуманитария салалары жөнінде мағлұмат берді.
Университет қызметкерлері Темирова Г.А., Нургалиева Р.Е., Исмагулова Э.К., Саханова С.К. Ж.Е. Көмекбай мен А.М. Баспақова әр сала бойынша: клиникалық база, ғылыми сала, зертхана, кластерге қатысу жөнінде сұрақтар қойып, ұсыныс тілектерін білдірді. Тиісінше қанағаттанарлық жауап та алды. Осы өндірістік бөлімі Ақтөбеде орындалатындықтан, алғашқы екі кезеңге де қатысуға мүмкіндік бары көңіл толтырды.
Кездесу соңында ортақ тұжырымға келіп, екі университет өкілдері: М.Оспанов атындағы БҚМУ ректоры А.А. Калиев пен Назарбаев университетінің медицина жөніндегі вице-президенті және Медицина мектебінің деканы, профессор Массимо Пиньятелли әріптестік серіктестікті одан әрі жалғастыру мақсатындағы меморандумға қол қойды.