М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң 65 жылдығына орай өткізілген мастер-класс
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінң 65-жылдығына орай қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастыруымен 21 қазан күні Ғылыми кеңес залында ғылыми-техникалық жоба аясында «Репродуктивті жүйенің физиологиялық көріністеріндегі D витаминінің тапшылығы» атты комерциализациялау мақсатында 2 сағаттық мастер-класс өткізілді.
Мастер-класс спикерлері: қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к., доцент Калдыбаева А.Т., м.ғ.д., профессор Нургалиева Р.Е., PhD, асс.профессор Аманжолқызы А.
Спикерлер кездесу барысында Д дәруменінің қалыпты шектері, адам ағзасына әсерлері, шет ел ғалымдарының зерттеулері мен кафедраның ҒТЖ жұмысы барысында алынған зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Мастер-классқа МСАК қызметінің дәрігерлері мен қызметкерлері, резиденттер, докторанттар мен магистранттар қатысты, барлығы 114 адам болды, соңында сертификаттар берілді.