Онкологиялық көмекті дамыту мәселері жөнінде
Денсаулық сақтау министрі А. Ғинияттың төрағалығымен 2023-2025 жылдарға арналған ағымдағы жағдайды және одан әрі даму перспективасын талқылай отырып, онкологиялық аурулар бойынша Үйлестіру кеңесі өтті. ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, академик, “Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты” АҚ басқарма төрайымы Д.Р. Қайдарова 9 айдың нәтижесіне талдау жасады. Оған университет ректоры Ә.Ә. Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс онкологы Е. Истлеуов қатысты.
Онда Қазақстан Республикасы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 4,6% – ға, Ақтөбе облысында сырқаттанушылықтың 3,0% – ға төмендеуі айтылды. Қазақстан бойынша сырқаттанушылық құрылымында: сүт безі обыры, өкпе обыры, колоректальды обыр(КРР), асқазан обыры, жатыр мойны обыры көш бастап тұр. Облыста негізгі нозологиялық формалар: сүт безі обыры (төмендеу қарқыны -0,8%), өкпе обыры (-8,1%), асқазан обыры (өсу 12,6%), колоректальды обыр (-4,7%), жатыр мойны обыры (-20,9%) тіркелген.
Қазақстан бойынша өлім-жітімнің 8,5% – ға төмендеуі бар: олар – өкпе обыры, асқазан обыры, КРО, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры.
Облыс бойынша 9,86% – ға төмендеу, құрылымында: асқазан обыры (-25,1%), өкпе обыры (-13,2%), КРО (-18,1%). Сүт безі қатерлі ісігінің өсуі – 5,7%, өңеш қатерлі ісігі – 45,4%.
Облыста нысаналы индикаторлардың көрсеткішіне қол жеткізілмеу байқалады: ҚР 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының ЗН (0-1ст.) ерте анықталуы – соңғы 3 жыл ішінде: 16,9% (2020ж.), 16,8% (2021ж.),17,8% (2022ж.) деңгейінде.
2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды айтсақ, облыс қатерлі ісікті ерте диагностикалау бойынша қолайсыз аймақта орналасқандығын ескерте отырып, 2022 ж. ерте сатыдағы қатерлі ісіктерді анықтау бойынша скринингтік зерттеулер: жатыр мойны обыры-қамтуға пайыз -0,02, I ст.-25,0%; сүт безі обыры: 0 – 1ст.-8,1%; КРО-қамтуға пайыз 0,01, 0-1ст.-0.
Ақтөбе облысында уақтылы тексерілген пациенттердің деңгейі төмен (60,0% – дан аз).
ҚР ДСМ отырысында қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті дамытудың 5 бағыты бойынша тұжырымдамасы талқыланды: тәуекел факторларының алдын алу және басқару; жоғары тиімді ерте диагностика; мамандандырылған емдеуді дамыту; паллиативтік көмек және оңалту; ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту.
Үйлестіру кеңесі барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ахуалдық орталықтардың жұмысын жандандыру, “Жасыл” дәліз қағидаты бойынша ерте анықтау мониторингі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.