Құрметті университет студенттері, магистранттар мен докторанттары!

​Барлық білім алушылардың басты мерекесі – Жастық, Бостандық және Бақыт мерекесімен, Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен ыстық  құттықтауымды қабыл алыңыздар!

​Студенттер өз қатарында – мамандықта, ғылымда, спортта және шығармашылықта дамуға дайын ең мақсатты, талантты және өршіл жастарды біріктіреді.
​Сіздер үнемі көптеген қоғамдық жобаларға қатысып, ,еріктілер ретінде мұқтаждарға көмектесесіздер. Қазірдің өзінде Сіздер белсенді әлеуметтік позицияны ұстанасыздар, себебі әркімнің өз принциптері мен көзқарасы бар. Біздің университетте студенттерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін жастар бірлестіктері бар екендігі өте маңызды. Мұнда, Сіздер, өздеріңіздің алғашқы идеяларыңызды жүзеге асырып, көшбасшылық пен командалық жұмыс істеу тәжірибесін алып отырсыздар.
Құрметті студенттер! Адамнвң  ең жақсы кезеңі – студенттік шағы екен. Сіздер бүгінде өмірге маңызды қадам жасап отырсыздар. Ол –  ең асыл мамандықты  – дәрігерлік жолды таңдағаныңыз.
​Сіздерге мұнда жаңа білім алу үшін кәсіби дағдылар алуға, өз әлеуетіңізді ашуға және алғашқы жеңістерге қол жеткізуге мүмкіндік туады. Сіздің оқуыңыз-кәсіби маман ретінде қалыптасудың бірінші кезеңі.
​Біздің қаламыздың, аймақтың, тұтастай елдің ертеңгі күні қандай болатынын ертеңгі күні  бүгінгі студенттер шешеді.
Студенттер күні – бұл біздің оқытушыларымыздың, жастардың тәжірибесі мен білімін жеткізетіндердің мерекесі.
​Жақында халыққа арналған “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауынада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саясаттың негізгі ұстанымдарын атап өтті.
​Мемлекет басшысы атап өткендей, 21 ғасырдың ұрпағы терең білімді болуы керек, ол үшін қажырлы еңбек ету қажет. Патриотизмнің алдыңғы қатарында жүрген жастар: халық тарихын білу, мемлекетке деген құрмет, үнемі өзін-өзі дамыту, адалдық пен жұмысқа қабілеттілік принциптерін ұстануы тиіс.
​Бүгінде  студенттерді қолдау үшін мемлекеттік деңгейде бірқатар шаралар қабылдануда: Олар – Қазақстанда және шетелде оқуға гранттар, стипендиялар бөлу, шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту.
​Бүгінде “Болашақ – жастардың қолында” деген сөз бұрынғыдан да өзекті.
Сіздерге қашан да белсенді, ізденімпаз және сенімді болуды тілеймін.
Ең өршіл жоспарларды жүзеге асыруға және  ең қымбат армандарыңыздың  орындалуына тілектеспін.
​Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, мол табыс және кәсіби биіктерді бағындыруды тілеймін.
 Университет ректоры,  м.ғ. д., профессор Әсет Қалиев