Ғылым жолындағы студент

2022 жылдың 18 қараша күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65-жылдығына арналған және бейбітшілік пен даму үшін Бүкіләлемдік ғылыми күніне орай, патологиялық физиология және гистология кафедраларының ұйымдастыруымен “Инновация арқылы ғылымға қадам және тәжірибеге енгізу” тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Батыс Қазақстан медициналық университетінің басқарама төрағасы, ректор Әсет Әскерұлы Қалиев қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен конференцияны ашып берді. Сөз барысында студенттердің әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, бәсекеге қабілетті маман бола алатынын атап өтті.

Басқарма мүшесі Самат Сағатұлы Сапарбаев конференция студенттеріне білімдерін жетілдіріп, қазіргі кездегі жаңа кәсіби стандарттарды атап көрсету мақсатында қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.

Патологиялық физиология кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., Жексенова А.Н. конференция барысында еңбек нарығында қажетті білімі мен дағдылары бар кадрларды даярлаудың, ғылымды дамытуға бейімділігі бар инновациялық және пәнаралық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің өзекті аспектілерін талқылап айтты.

Конференция офлайн және онлайн түрде өтті. Конференцияға «СМУ» 2 студент офлайн түрде және Ресей елінен (СГМУ им. В.И. Разумовского, ОГМУ, НГМУ), ТМА, КГМА им. И.К. Ахунбаева (Бишкек), С.Д. Асфендиров атындағы ҚҰМУ студенттері онлайн түрінде қатысты. «Жас патофизиолог» және «Гистолог» студенттік ғылыми үйірмелерінің 7 номинация бойынша көрме – конкурсы өткізілді. Патофизиология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. А.Н. Жексенова, Гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е. Көмекбай студенттерге арналған шебер класстарын өткізді.

Конференция соңында әр секция бойынша баяндама оқыған студенттерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен «Үздік баяндама» дипломы берілді және номинациядан тұратын көрме-конкурсына қатысқан студенттер 7 «үздік номинациялармен» марапатталды.

Конференцияға демеуші болған – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы және «Nestle» компаниясы.