«Көптілділік пен полимәдениеттілік»
Көптілділік пен полимәдениеттілік кез келген көпұлтты мемлекет пен қоғам дамуының прогрессивті факторлары болып табылады. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері бір үлкен тату отбасындай, басқа ұлт өкілдерінің тілдерімен танысып, олардың тілдерін үйренеді. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде – орыс тілін және жаһандық экономикаға тиімді интеграциялану тілі ретінде ағылшын тілін «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік жобасына сәйкес үш тілді дамыту қажет.
2022 ж. караша айының 22 күні Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғарғы Медициналық колледжінде «Университет студенті және Колледж студенті» үштұғырлы жол картасы аясында «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер -тірлік үшін» атты облыстык семинар өтті. Осы аталмыш шараға Марат Оспанов атындағы БҚМУ химиялык пәндер кафедрасының аға окытушысы Бесімбаева Ж.Б., «Халыкаралык медицина» факультетінің 3 курс және «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері шақыртылып, шараны өткізуге қатысты.
Семинардың мақсаты – дербес білім беру платформасында қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге баулу, ұлтаралық достықты және қаламыздағы медицина университеті мен медицина колледжі арасындағы байланысты нығайту. Шарада үндістандық студенттер үш тілде викториналық сұрақтарға жауап беріп, қазақ тілінде ән шырқап, Қазақстандағы тіл мәселесі туралы өз пікірлерін білдірді.
Шара соңында студенттер медициналық колледжіндегі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мұражайын аралады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, медициналық колледж студенттерінің медициналық университет студенттерімен қарым-қатынасын нығайтуға үлкен қызығушылығын тудырды. Белсенділік танытқан студенттер Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғарғы Медициналық колледжінің алғыс хаттарымен марапатталды.