«ҮЗДІК СТУДЕНТ-2022»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауын студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 26 қараша, 2022 жылы , «Жаңа қазақстанның дарынды жастары» атты республикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына отандық ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Осы аталған конференция барысында «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2022» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапатталғандардың арасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, стоматология, 3 курс, 301 топ студенті Елутаева Аида Кенжетайқызы да бар. Ол «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2022» атты республикалық байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болды.