Бүгін Ақтөбе медициналық орталығында

“Медициналық білім берудегі инновациялар” ғылыми-практикалық конференциясының мерейтойлық бағдарламасы аясындағы шеберлік сыныптары басталды. Конференцияның салтанатты ашылуында университет ректоры Әсет Қалиев барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын айтып, олардың аталған іс-шарадан алар білімдері мен тәжірибесінің мол боларына сенімділік білдірді.

Қазіргі уақытта мұнда 2 операция басталды:

  1. Бүйрек үсті безінің ісігі бар науқасты лапароскопиялық адреналэктомия арқылы хирургиялық араласу жасап емдеу;
  2. Сигмотәрізді ішектің лапароскопиялық резекциясы отасы.

Аталған ота түрлерін Ресей мен Қазақстанның білікті де мықты мамандары бейнеэндоскопиялық жедел араласудың заманауи технологияларын қолдана отырып жасауда.

Еске сала кетейік: университеттің шеберлік сабақтарына шақырылғандар арасында Мәскеу қ. РФ өкілдері: м. ғ. д., профессор Галлямов Э. А., м. ғ. д., профессор ЩербаковП.Л., м. ғ. к. Бусырев Ю.Б., Қазақстан тарапынан: м. ғ. д., профессор Құдайбергенов Т. К. (Алматы қ.), м. ғ. к. Джакупов Д. В. (Алматы қ.), Ишанғали Б.О. (Ақтау қ.), Жакиев Н.С. (Ақтау Қ.), м. ғ. д., профессор Котлобовский В. И. (Ақтөбе қ.) бар.