Министр университеттің даму жоспарымен танысты
ҚР ДСМ Ажар Ғиният Ақтөбе облысындағы ресми жұмыс сапарының екінші күні, яғни, 01.12. 2022ж., М.Оспанов атындағы БҚМУ-де болды. Басқарма төрағасы-ректор, м.ғ.д, профессор Ә.Ә.Қалиев министрге университеттің стратегиялық даму жоспарын таныстырды.
Бас жоспарда университет стратегиялары: академиялық, ғылыми-инновациялық, халықаралық әріптестік, инфрақұрылымды дамыту, корпоративтік басқару, деп атап көрсетілген.
Ректор Ә.Қалиев министрге университеттің даму жоспарының мынадай Негізгі жобаларын сипаттап айтып берді:
– “Білім беру қызметін жаңғырту” бағыттары бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен оқыту контингентін дамыту;
– “Менеджмент және қаржылық тұрақтылық”;
– “Ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту”;
– “Өз ішіндегі клиникаларының қызметін жаңғырту”;
– “Университет клиникасының құрылысын” қолға алу.
Әрбір жоба бойынша ағымдағы жағдай, іске асыру жөніндегі іс-шаралар, іске асыру мерзімдері: қысқа мерзімді (2022-2023 жылдар), орта мерзімді (2023-2025 жылдар), ұзақ мерзімді уақыттарға бөлінген.
Таныстырылым соңынан Ажар Ғиният пен облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусизова және денсаулық сақтау саласының ресми өкілдері мен ардагерлер университеттің тарихи мұражайын аралады. Министр құрметті қонақтар қолтаңбасы кітабына ескерткіш жазба қалдырды.
Сонымен қатар, А.Ғиният пен Б.Оспанова Марат Оспановтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, басқа да ресми өкілдермен, университет ұжымымен ескерткіш суретке түсті. Министр Ажар Ғинияттың жұмыс сапары облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде жалғасады.