«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ білім алушыларына 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріндегі оқу форматы туралы ақпарат

Оқыту сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес, университеттің Басқармасы тарапынан, Академиялық күнтізбеге және бекітілген кестеге сай 2020-2021 оқу жылының көктемгі оқу семестріндегі оқыту форматы бойынша төмендегідей шешім қабылданды:

Бакалавриат:

1) 2021 жылдың қаңтарынан бастап:

– баклавриаттың 1 курстарының барлық мамандықтарында – оқытудың аралас форматы;

– барлық мамандықтардың бітіру курстарында, яғни: «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» мамандықтарының 4 курстарында; «Фармация мамандығының 5 курсында оқытудың аралас форматы.

2) 2021 жылдың наурызынан бастап:

– «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 2-5 курстарында, «Фармация» мамандығының 2-4 курстарында, «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының 2-3 курстарында – оқытудың аралас форматы:

– 1 және 5 курстардың шетелдік студенттері үшін 2021 жылдың наурызынан бастап оқытудың аралас форматы (2021 жылдың наурызында эпидемиологиялық ахуалға байланысты);

3) 2-4 курстардың шетелдік студенттері үшін – қашықтықта оқыту форматы;

Интернатура және резидентура:

интернатура мен резидентураның білім алушылары үшін –күндізгі оқыту форматы;

Магистратура және докторантура:

магистратура мен докторантураның білім алушылары үшін – күндізгі оқыту форматы.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға шектеу шараларына байланысты оқыту ауысыммен өтеді.

Күндізгі оқыту оқу сабақтарының кестесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Тәжіребелік дағдыларды өтеу Тәжірибелік дағдылар орталығында, ЕПМ базасында бекітілген кестемен, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Кәсіптік тәжірибе денсаулық сақтау ұйымдарында академиялық күнтізбеге және кәсіптік тәжірибе бойынша силлабусқа сәйкес өтетін болады.

Университеттің ішкі ережелеріне сәйкес жатақхана қажет тұлғаларға өтініш бойынша жатақханадан орындар беріледі.

Оқыту форматы бойынша барлық қосымша ақпараттарды білім алушылар тиісті факультеттердің деканаттары жеткізетін болады.