Тәуелсіздік күніне арналады

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жыл құрылғанына және ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Психология» кафедрасы кураторларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым» атты ашық мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шараның мақсаты: Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күннің маңыздылығын түсіндіру. Ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашылған қастерлі күннің тарихын баяндау. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білу, патриоттық сезімге, сахналық мәдениетке тәрбиелеу.

«Педиатрия» факультетінің 101,102,103 топ студенттері мен кураторы Неталина Г.К ,«Стоматология» факультетінің 103,104 топ студенттерімен кураторы Дуйсенова А.А. және «Жалпы медицина» факультетінің 119-120 топ студенттерімен кураторы Бекешова Г.У мен «Стоматология» факультетінің 101-102 топ студенттері мен кураторы Г.С. Жұмалиеваның ұйымдастыруымен өткен шарада студенттер театрландырылған көрініс қойып, тақырыпқа лайықты ән шырқап, күй тартып, көркем сөз оқып өнерлерін көрсетті. Мерекелік кештің құрметті қонағы болған кафедра профессоры Е.Ш. Шайхимов.

Іс шараның барысында «Психология» кафедрасының жетекшісі А.И. Миралеева мен аға оқытушы Г.У. Бекешова жиналғандарға құттықтау жолдап ізгі-тілектерін білдірді.