Білім гранттарына конкурс жарияланады

Ақылы негізде білім алатын студенттер үшін босаған гранттарға ие болу үшін үшін конкурс жарияланады. Конкурсқа ақылы бөлімде оқитын барлық студенттер автоматты түрде қатыстырылады. Ешқандай құжат тапсырудың қажеттілігі жоқ. Платонус бағдарламасынан барлық ақылы бөлімде оқитын студенттердің GPA баллы конкурстың негізі болып табылады. Ақылы негізде оқитын студенттер арасынан ең жоғары GPA балл жинаған студенттер босаған білім грантына ие болады.

Бүгінгі күні білім беру гранттары ойынша бос орындар жайындағы мәлімет мынадай:

1 курс – 2 орын «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс – 1 орын «Жалпы медицина» мамандығы

4 курс – 1 орын «Жалпы медицина» мамандығы

6 курс – 4 орын «Жалпы медицина» мамандығы, интернатура

7 курс – 1 орын «Жалпы медицина» мамандығы, интернатура

Қалған курстар бойынша бос орындар жоқ, сондықтан конкурс өткізілмейді.